KZ TR Байланыс

«Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы



«Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институты «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи»  тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.

Конференцияның мақсаты: Орта Азия қала берді күллі түркі әлеміне танылған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеп-зерделеу, осы конференция аясында отандық және шетелдік ғалымдардың ізденістерін бір арнаға тоғыстыру, сондай-ақ тұлғаның даналық хикметтері мен өсиеттерін оқу жүйесіне енгізуді басшылыққа алу. Орта ғасырда қалыптасқан ағартушылық қызмет пен рухани танымдық мұралардың құндылықтарын ашып көрсету. 
Конференцияның міндеті: Конференцияға қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи ілімін қазіргі таңда қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дамуындағы жетістіктердің өзегі ретінде танылуын қарастырады. Онда тұлғаның шығармаларындағы тіл, әдебиет, өнер, мәдениет, дін, философия, т.т. мәселелерді талқылап, орта ғасырдағы жазба деректер де зерттеу саласының бірі ретінде қарастырылып, мәтіннің тілдік, сөздік әрі коммуникативтік рөлін айқындауды әрі олардың категориялық терминдік құрылымын жан-жақты саралауды негізге алады.  

Конференция бағыттары: 
    Қ.А. Ясауи мұрасы және оның рухани танымы
    Қ.А. Ясауидің мұраларын оқу-тәрбие үдерісінде қолдану
    Қ.А. Ясауи еңбектерінің философиялық және тәрбиелік мәні
    Орта ғасырдағы мәтіндер тілі: аударма, лингвистикалық талдау
    Түркі әлеміндегі мәдениет және өнер

Конференция қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жүргізіледі.
    
Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – алынбайды. 




Хабарландырулар